АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске жасаған үндеуінде елдегі мұнай және газ өндірісі айтарлықтай артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, АҚШ-та мұнай өндіру тәулігіне 600 мың баррельден астам көлемге ұлғайған. Сонымен қатар, Дональд Трамп жуырда АҚШ шамамен 80 миллион баррель мұнай алғанын, оны "жаңа дос әрі серіктес" деп атаған Венесуэла жеткізгенін айтты.
АҚШ президентінің сөзінше, табиғи газ өндірісі де рекорд деңгейге жеткен.
Бұған дейінгі сөзінде Дональд Трамп жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесінде АҚШ-тың халықаралық беделі күшейгенін атап өтті. Оның айтуынша, ел шекарасы сенімді қорғалған, инфляция төмендеп келеді, халық табысы өсіп, экономика қарқынды дамып жатыр.
