Түркістандағы жатақханадағы дау: жауапты тұлғаларға сөгіс жарияланды

Сағыныш Сардарова 23 ақп. 2026 17:26

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Түркістан облысындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Түркістандағы колледждердің бірінің студенттері "дәретхананы және ұлдардың бөлмесін тазалатады" деп оқу орнының жатақханасына шағымданған еді.

Бұл жағдай бойынша Білім басқармасы арнайы жұмыс комиссиясын құрып, мән-жайды анықтау мақсатында жатақханаға барып тексеріс жүргізген.

"ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған білім алушыларды жұмыс жасауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ, оларға қысым көрсетуге жол берілмейді. Бұл – бала құқығын бұзу. Тексеріс нәтижесінде жауапты тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Студенттер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Білім басқармасы мән-жайды баяндады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove