Ұлыбритания 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді шектеуді көздеп отыр

Көркем Алдабергенова 16 ақп. 2026 14:27

Ұлыбритания үкіметі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін қатаң шектеуге бағытталған шаралар дайындап жатыр. Тиісті заң 2026 жылы күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

The Times басылымының мәліметінше, талқыланып жатқан бастамалардың қатарында 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу, телефонды белгілі бір уақыт аралығында қолдануды шектеу, шексіз лента айналдыруды (endless scroll) тоқтату және чат-боттармен өзара әрекеттесуді реттеу бар.

Сонымен қатар, тыйым салынған контентке, оның ішінде порнографияға қолжетімділікті қиындату үшін VPN сервистерін бұғаттау мәселесі де қарастырылып жатыр.

Ұлыбритания премьер-министрі, екі жасөспірімнің әкесі Кир Стармер технологиялардың заңнамадан әлдеқайда жылдам дамып жатқанын атап өтті.

"Технологиялар заңнан бұрын озып барады. Менің үкіметім Ұлыбританияны онлайн қауіпсіздік саласында көшбасшы елге айналдырады", - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove