Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елдің басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді. Салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр) болжанып отыр. Сондай-ақ, жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі.
"Түнде батыс облыстарда 15-25 градус аяз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде 28-37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32-40 градус аяз болжанып отыр. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0-10 градус аяз шамасында болады", - деді синоптиктер.
