Нью-Йорк қаласының қақ ортасындағы әйгілі Таймс-сквер алаңында жүздеген мұсылман жамағат болып намаз оқыды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Іс-шара Wayoflifesq ұйымының бастамасымен биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Ақшам мезгілінде қатысушылар оразаларын намаз оқумен ашты. Ұйымдастырушылар шамамен 1500 адамға тегін тағам таратқан. Сонымен қатар бағдарлама аясында Құран Кәрімнің әртүрлі тілдегі 1200 данасы үлестірілді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараның негізгі мақсаты қала тұрғындары мен туристерге ислам діні мен мұсылман мәдениетін кеңінен таныстыру.
Ауызашардан кейін жиналғандар Таймс-сквер алаңында құптан және тарауих намаздарын оқыды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, іс-шара барысында екі адам шахада келтіріп, ислам дінін қабылдаған.
Айта кетейік, Таймс-сквер алаңында ауызашар мен жамағаттық намаз алғаш рет 2022 жылы өткен болатын.
