Желіде Петросянның өнерін бағалау кезінде Парецкая компоненттер бойынша ең жоғары ұпайларды қоса алғанда, ең көп бағаларды қойғаны жазылып жатыр. Ал көрермендердің пікірінше, қазақстандық Софья Самоделкинаға қойылған ұпайлар төмендетіліп, нәтижесінде ол Олимпиаданы 10-орынмен аяқтаған.
Қазақстандық төреші Надежда Парецкая Италияда өткен Олимпиада ойындарында ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделия Петросянның еркін бағдарламадағы өнерін бірінші орынға лайық деп бағалады. Ол спортшының прокатына 147,04 балл қойған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аделия еркін бағдарлама үшін жалпы 141,64 балл жинады. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша оның нәтижесі 214,53 баллды құрап, жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.
Олимпиада чемпионы атағын америкалық спортшы Алиса Лю (226,79 балл) жеңіп алды. Күміс пен қола жүлделерді жапониялық мәнерлеп сырғанаушылар Каори Сакамото мен Ами Накаи иеленді.
Аделия Петросян жарысқа бейтарап мәртебеде қатысты.
Қысқы Олимпиада ойындары Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6–22 ақпан аралығында өтті.
