Қазақстандықтар жаңа Конституция бойынша өтетін референдумда екі елде дауыс бере алмайды, деп хабарлайды Dala News.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, шетелдегі дауыс беру ұйымдастырылатын мемлекеттер саны 64-тен 62-ге қысқарды. Жалпы 80 сайлау учаскесі ашылады.
СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаевтың айтуынша, шешім халықаралық жағдайға байланысты қабылданған. Дауыс беру Украина мен Эфиопияда өткізілмейді. Бұл елдердегі Қазақстан азаматтарының саны едәуір азайған. Ал аталған мемлекеттердегі елшілік қызметкерлері Каир қаласында дауыс бере алады.
Референдум 15 наурызға белгіленген. Оған 12 млн-нан астам қазақстандық қатыса алады.
