Алматыда қысқы Азия ойындарына байланысты жаңа спорт нысандары салына ма? Министрлік жауап берді

Қаракөз Амантай 19 ақп. 2026 13:49

Алматыда 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына арнап жаңа спорт нысандары салынбайды. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Алматыға X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы берілер алдында қаладағы спорт инфрақұрылымы толық сараптамадан өткен. Нәтижесінде қолданыстағы нысандар халықаралық талаптарға сай келетіні және Азия ойындарының бағдарламасын толық қамтуға жеткілікті екені анықталған. Сондықтан жарысты өткізу үшін қосымша жаңа спорт нысандарын салу жоспарланбаған.

Вице-министрдің сөзінше, бұл шешім қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Ал Азия ойындарын өткізуге қанша қаражат жұмсалатыны әзірге нақтыланбаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove