Астанада қалың қар жауды: таңнан бері 45 жол апаты болып, ұшақтар қона алмай жатыр

Сағыныш Сардарова 06 ақп. 2026 13:18

Астанада 5 ақпанда қатты қар жауып, таңнан бері 45 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ауа райы күрт нашарлауы, әсіресе, жылдамдықты сақтамау жол апаты қаупін айтарлықтай арттыратынын мәлімдеді.

"Таңнан бері Астанада 45 жол апаты тіркелді. Қалың қар жауған кезде жүргізушілер белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтап, күрт маневр жасаудан аулақ болып, қауіпсіз арақашықты ұстануы қажет", - деп ескертті департамент өкілдері.

Полиция мүмкіндігінше қала сыртына алыс сапарға шықпауға кеңес берді. Күрделі метеожағдайға байланысты кейбір тасжолдарда қозғалыс ішінара шектелген.

Жаяу жүргіншілерден де ерекше сақ болу сұралды. Жолды тек белгіленген жерден кесіп өтіп, жарық шағылыстыратын элементтер қолдану, жолдан өтер кезде құлаққапты шешіп, телефонға алаңдамау қажет. Сонымен қатар, қалаға ұшақтар қона алмай жатқаны, олар Қарағандыға бағытталғаны айтылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove