Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Бішкектен экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 19 ақп. 2026 10:29

Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Бішкектен экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасаған Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады.  

2023 жылы күдікті пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактура жазып беру схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекет салдарынан мемлекет бюджетіне 350 млн теңгеге жуық салық төленбеген.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы наурызда ол Бішкекте ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove