Депутат көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастауды ұсынды

Сағыныш Сардарова 25 ақп. 2026 13:27

Депутат Олжас Құспеков көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олжас Құспеков Мәжіліс отырысында жолдаған сауалында Қазақстанға Жол қоры қажет екенін мәлімдеді.

Депутаттың сөзінше, былтыр Қазақстанда 36 мыңнан аса жол апаты тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп, жол апаты салдарынан 51 мыңнан аса адам зардап шегіп, шамамен 2,5 мың азамат қаза тапқан.

"Жол қоры республикалық жолдарды салу, күтіп ұстау және жаңғыртуға бағытталады. Халықаралық тәжірибе мұндай тәсілдің тиімділігін растайды. Жол қорын толықтыру көздері ретінде төлем механизмдері, транзиттік алымдар, ақылы жол учаскелерін дамыту, жол бойындағы қызмет көрсету және басқа салыққа жатпайтын кірістер қарастырылуы мүмкін. Сондай-ақ, көліктің әйнегін қараңғылауға арналған ақылы рұқсат механизмін енгізу де ұсынылады", - деді Мәжіліс депутаты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove