Енді кәсіпорындарда қызметкерлердің мас күйі тексеріледі

Қаракөз Амантай 16 ақп. 2026 18:00

Қазақстан кәсіпорындарында медициналық куәландыру кабинеттерін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкімет әсіресе шалғайдағы өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің мас күйде еместігін тексеруді тікелей жұмыс орнында жүргізу жолын қарастыруда. Осы бастама аясындағы пилоттық жоба Маңғыстау облысында Kalamkas-Khazar Operating компаниясының базасында іске қосылмақ.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай тексерулердің нәтижесі бірыңғай электрондық жүйеде (ЭСМО) тіркеледі және оған кейін өзгеріс енгізу мүмкін болмайды. Ал сенаторлардың жеке зертханаларды тарту туралы ұсынысы әзірге қабылданған жоқ. Себебі олар бұл жүйеге қосылмаған әрі алынған сынамалардың дұрыстығына заң жүзінде жауап бермейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove