Енді медициналық қызметтерге төлем жасағанда түбіртекте ЖСН көрсетілуі мүмкін

Көркем Алдабергенова 30 сәу. 2026 11:57

Қазақстанда медициналық қызметтер үшін төлем жасағанда түбіртектерде пациенттің ЖСН-ін көрсету ұсынылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл бастаманы Қаржы министрлігі көтеріп отыр.

Ұсынысқа сәйкес, ЖСН тек тегін кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін қызметтер мен дәрі-дәрмектерге төлем жасағанда енгізіледі. Бұл шара медициналық сақтандыру қорына шығындарды бақылап, көрсетілген қызметтің нақты алынғанын растауға мүмкіндік береді.

Қаржы министрлігінің пікірінше, мұндай өзгеріс қаржы айналымының ашықтығын арттырып, көлеңкелі экономиканы азайтуға ықпал етеді.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің көрсетілгенін растау үшін арнайы мобильді қосымша арқылы тексеру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove