Отбасы қырғыны: күдіктіден психоз анықталды

Самал Асқар 30 сәу. 2026 13:32

Ақмола облысында бір отбасының үш мүшесі өлтірілген іс бойынша күдіктінің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dala News.

«Қазір бұл іс бойынша біз де тергеуді Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша аяқтап жатырмыз. Күдікті қазір стационарлық сот-психиатриялық сараптамада. Ол реактивті психоз күйінде», – деді ІІМ вице-министрі Санжар Адилов Сенат кулуарында.

Оқиға 2026 жылдың наурыз айының басында Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында болған. Бір отбасының үш мүшесі қаза тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті марқұмдардың туысы. Ол қылмыс жасалғаннан кейін жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр, тергеу аяқталуға жақын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove