ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҰҚК қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлының ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа өңірлік әкімдік пікір білдірген болатын.
Бұған дейін бірқатар дереккөздер шенеуніктің ұсталғаны және өзге де тұлғаларға қатысты процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқаны жөнінде хабар таратқан еді.
Алайда ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ.
