Синоптиктердің мәліметінше, 18 ақпаннан бастап еліміздің әр өңірінде ауа райына байланысты айтарлықтай өзгерістер байқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ел аумағына Хельсинки маңынан жылжып келе жатқан антициклонның ықпалы күшейіп, солтүстік өңірлерде күн суыта бастайды. Осыған байланысты жауын-шашын тоқтап, түнгі уақытта ауа температурасы 18–23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Ал оңтүстік аймақтарда жағдай керісінше болмақ. Қара теңіз маңынан жететін жаңа циклонның әсерінен күн жылып, күндізгі температура 15–20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Жалпы, елдің солтүстігінде аяз күшейіп, оңтүстігінде көктем лебі сезіле бастайды.
