Жазда ораза кезінде адамдар шыбынша қырылады - Ахметбек Нұрсила

Көркем Алдабергенова 18 ақп. 2026 10:00

Белгілі кәсіпкер, нейробиолог Ахметбек Нұрсила жазда ораза ұстаудың қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жазда адамдаршыбынша қырылады. Ауруына ауру жамайды. Себебі жазда күн ұзақ, күн ыстық. Қан қоюланып, холестерин жиналады да инсульт, инфаркт алу қаупі 100 есе артады. Су ішпесе сөйлегенде ауыздан дем шығады. Одан сайын қан қоюлана түседі", - дейді АХметбек Нұрсила. 

Оның сөзінше, тек денсаулығы мен болмысы мықты адам ғана шыдайды. 

"Денсаулығы жоқ адам инсульт, инфаркт алуы мүмкін. Немесе бір аурудың негізін салып беруі мүмкін", - дейді кәсіпкер. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Рамазан айының кестесі жарияланды. Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Ауызашар мен сәресі дұғасы: Рамазан айындағы рухани тірек


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove