Kia қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстанның автокөлік нарығында жаңа көшбасшы атанды. "Қазақстанның Автокөлік Одағы" мәліметіне сәйкес, бренд жаңа көліктер сатылымы бойынша бірінші орынға шықты. Бұл жетістік Allur компаниясының өндірісті дамыту, дистрибуцияны жетілдіру және брендтің ел нарығындағы позициясын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаңтар айында 2774 Kia автокөлігі сатылды. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 183 пайызға, ал өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 44 пайызға жоғары. 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда Kia бренді нарықтағы үлесін екі еседен астам арттырып, 20 пайызға (+11%) жетті.

Айдың ең көп сатылған көліктері рейтингінің алғашқы ондығына бірден үш Kia моделі енді. Брендтің бестселлері – Sportage кроссовері: 1482 автокөлік сатылып, 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсім 222 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш модельді рейтингтің екінші сатысына шығарды. Бесінші орында Cerato седаны – 493 автокөлік (+413%). Ал оныншы орынға алғаш рет жаңа ықшам седан Soluto еніп, 337 автокөлік сатылды.

"Клиенттерімізге жоғары сенімі үшін алғыс айтамыз. Kia Қазақстанда сатылым бойынша сөзсіз көшбасшыға айналды. Бұған модельдер қатарын кеңейту, тартымды баға ұсыныстары және барлық модельдің жергілікті өндірісі ықпал етті. Өндірісті Allur компаниясы дамытып келеді. Соның арқасында өндірісті жергіліктендіру деңгейін одан әрі арттырып, көліктерге қазақ тіліндегі мәзірді енгізуді жалғастырамыз. Қазір мұндай мультимедиа жүйесі бес моделімізде бар. Биыл қазақстандық Kia иелері мен жанкүйерлері үшін көптеген қызықты жаңалық күтіп тұр", – деді Kia-ның Қазақстандағы дистрибуция директоры Данияр Оразбаев.

Айта кетейік, ақпан айының соңына дейін 2025 жылы шығарылған брендтің барлық модельдері арнайы бағамен ұсынылады. Мәселен, K5 және Sorento модельдеріне берілетін жеңілдік 4,2 млн теңгеге дейін, Sportage үшін – 4,5 млн теңгеге дейін, ал K8 үшін – 5 млн теңгеге дейін жетеді.

Сатып алушыларға арналған тартымды шарттар мен модельдік қатардың жоспарлы жаңартылуы Kia брендінің Қазақстан нарығындағы өсуін одан әрі жеделдетіп жатыр.
