Қалада жарық сөнеді: алматылықтарға маңызды ескерту

Ақтоты Жапатова 30 нау. 2026 11:50

Алматы қаласында 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында жоспарлы түрде электр энергиясы өшіріледі. Бұл туралы Алатау Жарық Компаниясы жариялаған кестеде көрсетілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Энергетиктердің мәліметінше, жарықтың уақытша сөндірілуі электр желілеріндегі жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен байланысты. Мұндай жұмыстар ақауларды жоюға, желілерді жаңартуға және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.

Жоспарға сәйкес, жарық өшіру әртүрлі аудандарда күн сайын жүргізіледі. Негізінен электр энергиясы таңғы 08:00–09:00 аралығында өшіріліп, кешкі 17:00 шамасында қайта қосылады.

31 наурызда жарық Масанчи, Амангелді, Гоголь, Әшекеев, Береке, Оқжетпес көшелерінде, сондай-ақ Төле би – Амангелді – Қазыбек би – Қашғарская және Қабанбай батыр – Жароков – Қарасай батыр – Айманов көшелерінің контурында өшіріледі. Сонымен қатар Қарасу, Болашақ шағынаудандары, Шоссейная, Қарақалпақ, Шемякин, Дрогобыч, Айтыков, Фучик, Зелинский, Тоқтағұл, Жарылғасов, Рудаки және басқа да көшелер қамтылады.

1 сәуірде жарық Жетісу-4, Самал-1, Айгерім-2 шағынаудандарында, сондай-ақ Мақатаев, Уәлиханов, Жібек жолы, Пушкин, Әлімжанов, Төлқыны, Байқоңыр, Ақбастау, Бесағаш көшелерінде өшіріледі.

2 сәуірде Заречная, Жамбыл, Қосмодемьянская көшелері, сондай-ақ Бөгенбай батыр – Шағабутдинов – Төле би – Мұратбаев және Ботаникалық бақ – Тимирязев – Байзақов – Әл-Фараби көшелері аумағында жарық болмайды. Сонымен қатар Нұрмағамбетов, Қарғалы, Астана шағынауданы да қамтылады.

3 сәуірде Керей-Жәнібек хандар, Горная, Достық даңғылы, Қажымұқан көшелері, Ақжар шағынауданы, сондай-ақ Жамбыл – Чайковский – Қабанбай батыр – Наурызбай батыр және Шевченко – Розыбакиев – Жамбыл – Қарасу көшелерінің контурында жарық уақытша сөндіріледі.

Тұрғындарға нақты мекенжайлар бойынша ақпаратты алдын ала тексеріп, қажетті шараларды қабылдау ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove