Танымал хитмейкер композитордың қаламақысын бермей қойған

Көркем Алдабергенова 30 нау. 2026 11:20

Композитор Қуат Әбілов "Баян сұлу" лақап атымен белгілі әнші Баянсұлу Сағындықова ақшасын қайтармай жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қуат Әбілов әншінің кейінгі кездері хитке айналған бес әнінің авторы. 

"Баянсұлу басында келген кезде ешқандай аты да, әні де жоқ болып, "аға, мені хит қылыңызшы" деді. Қолымнан келгенше жұмыс істеп, бес ән жазып, бесеуі де хит болды. Қазіргі мәселе - менің әндеріме қаламқаы төленбеген. Мен тегін жұмыс істедім. Мен нақты талап еткен қаламақымды төлеуден бас тартып жатыр. Маған қысым болды, бірнеше адам хабарласты. "Сен тоқтат, мына нәрсеңді қой" деді. Қаламақымның бағасын түсіргісі келді. "Мен әнді айтпасам, ол әндер хит болмас еді" деді. Бұл маған құрметінің жоқтығын көрсетеді, - дейді композитор. 

Композитордың сөзінше, әнші оны сотқа шақырып жатыр. 

"Мен барлық платформадан әнді өшіріп, оны орындауға рұқсат бермей жатырмын. Сол себепті мені сотқа шақырып жатыр. Сонда әділдік қайда? Менің меншігімде ештеңе жоқ. Бес балам бар. Жаңа продюсеріне де нақты қаламақымды айттым. Ақыр соңында мені қысыммен сотқа шақырып жатыр. Өте өкінішті нәрсе, - дейді композитор. 

Әншінің өзі бұл жайтқа қатысты әзірше пікір білдірмеген. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove