Қазақстанда тариф қымбаттауына қатысты мораторий аяқталады

Көркем Алдабергенова 31 нау. 2026 14:33

1 сәуірден бастап Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторий өз күшін жояды. Үкіметте тарифтерді қайта қарау біртіндеп және іріктеп жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Билік өкілдерінің айтуынша, өзгерістер халыққа түсетін салмақты арттырмау және инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін кезең-кезеңімен енгізіледі.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарифтер тек нақты экономикалық есептер негізінде ғана өзгеретінін атап өтті.

Сонымен қатар, электр энергиясының тарифтері 2025 жылғы деңгейде 2032 жылға дейін сақталады.

Ал жанармай бағасы нарық қағидаттары бойынша қалыптасады, бірақ бұл үдеріс жедел штабтардың бақылауында болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove