Қазақстандағы АЭС құрылысына жауапты Росатом санкцияларға қатысты түсініктеме берді

Көркем Алдабергенова 26 ақп. 2026 17:06

"Росатом" баспасөз қызметі Лондон салған санкцияларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Росатом" кез келген біржақты шектеулерді халықаралық құқық тұрғысынан заңсыз деп есептейді. Бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыты – қауіпсіздік, ал мұндай шаралар осы негізгі қағидатқа кері әсерін тигізеді.

"Росатом" атом энергетикасы саласындағы сөзсіз әлемдік көшбасшы болып табылады және жекелеген мемлекеттердің біржақты әрі легитимді емес шешімдері бұл мәртебеге нұқсан келтіре алмайды. Мемлекеттік корпорация шетелдегі барлық жобалары бойынша міндеттемелерін орындауды жалғастыруда: біз шетелде атом электр станцияларын салу бойынша әлемде бірінші орындамыз, нарықтағы үлесіміз – 90%. Сондай-ақ ядролық отын өнімдері нарығының негізгі қатысушысымыз. Біз серіктестермен бірлесіп ядролық медицина және басқа да жоғары технологиялық салаларда жобаларды іске асырудамыз, 60-тан астам елмен ынтымақтастық орнатқанбыз және олар үшін сенімді әріптес болып қала береміз", - дейді компания өкілдері. 

Еске салайық,Қазақстандағы АЭС жобасына жауапты «Росатом» бөлімшелеріне санкция салынған болатын. 

Ұлыбритания Ресейдің мемлекеттік «Росатом» концернінің азаматтық бағыттағы үш еншілес компаниясына атом саласындағы халықаралық жобалар портфелін кеңейтуге қатысы бар деген себеппен санкция енгізді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove