Алматыда оқушы өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады

Самал Асқар 17 нау. 2026 18:09

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінің оқушысы қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dala News.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, іс Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркелген. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Алдын ала дерек бойынша, тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізілуде.

Білім беру мекемесі қайғылы жағдай мектеп аумағынан тыс жерде болғанын мәлімдеп, марқұмның отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар, мектеп тарапынан қажетті қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.

Полиция тергеу жалғасып жатқанын және барлық жағдай жан-жақты тексерілетінін хабарлады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove