Иран мұнайдан күніне 140 млн доллар табыс тауып отыр

Самал Асқар 17 нау. 2026 15:35

Иран мұнай бағасының баррелі 100 доллардан асуына байланысты күн сайын 140 млн доллардан астам табыс тауып отыр, деп хабарлайды Dala News.

Халықаралық деректерге сәйкес, ел тәулігіне шамамен 1,5–1,6 млн баррель мұнай экспорттауда, бұл АҚШ санкцияларына қарамастан жалғасып келеді.

АҚШ пен Израильдің соққыларынан кейін Иранның негізгі мұнай терминалы – Харг аралында 13 супертанкер мұнай тиеп шыққан. Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы 24 млн баррельге жуық иран мұнайы өткен, бұл кезде басқа кемелер үшін қозғалыс шектелген.

Сарапшылардың айтуынша, Иран мұнайының бір бөлігі «көлеңкелі флот» арқылы тасымалданады, яғни жеткізу бағыттары әдейі жасырылып, санкцияларды айналып өтеді.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтонның белгілі бір деңгейде Иран мұнайының сатылуына көз жұма қарайтынын мәлімдеген.

«Иран кемелері теңізге шыға бастады, және біз бұған жол бердік, өйткені бұл әлемді энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет», – деді ол.

Осылайша, геосаяси шиеленіске қарамастан, Иран мұнай экспортынан елеулі табыс түсіруді жалғастырып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove