Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Камчыбек Ташиевтің ұлы Тай-Мурас Ташиев милицияға жауап алуға шақырылғаны белгілі болды. Бұл туралы дереккөздер мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Алайда әзірге бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Ішкі істер министрлігі де аталған мәліметті растаған жоқ.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған резонансты жарияланымдар мен түрлі ақпараттық ағымдар аясында Тай-Мурас Ташиевтің есімі мүлікке қатысты мәселелер мен бизнес операцияларға байланысты аталған болатын. Ол өзіне тағылған айыптарды көпшілік алдында жоққа шығарған.
Еске сала кетейік, 14 наурыз күні Қырғызстанда жергілікті парламент депутаты әрі Камчыбек Ташиевтің туған інісі Шаирбек Ташиевтің де жауап алуға шақырылғаны хабарланған еді. Сол күні ол депутаттық өкілеттігін тоқтатқаны белгілі болды.
