Щучинсктегі жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Қаракөз Амантай 17 нау. 2026 16:02

Щучинск қаласындағы "Центр плова" дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, жарақат алғандардың бірі емін аяқтап, ауруханадан шыққан. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы ауруханада үш адам ем қабылдап жатыр. Олардың екеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде болса, бір науқас травматология бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ бұған дейін бес адам санитарлық авиация арқылы Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығына жеткізілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove