Украина президенті Владимир Зеленский Иран тарапынан айтылған қауіп-қатерлерге жауап беріп, Украина мұндай мәлімдемелерден қорықпайтынын айтты, деп хабарлайды Dala News.
Ол шетелдік журналистерге берген сұхбатында соңғы жылдары ел түрлі қысым мен қауіп-қатерге үйреніп қалғанын атап өтті.
«Біз мұндай мәлімдемелерді күн сайын естіп жүрміз. Бұл біз үшін жаңалық емес», – деді Зеленский.
Бұған дейін Иран СІМ өкілі Исмаил Багаи Украинаның Израильге ықтимал қолдау көрсетуі Тегеран тарапынан жауапқа әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген.
Сондай-ақ Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комиссия төрағасы Ибрагим Азизи Украинаның Израильге көмегі, соның ішінде дрондар жеткізуі, ел аумағын «заңды нысанаға» айналдыруы мүмкін екенін айтқан.
Соған қарамастан, Зеленский Украина позициясы өзгермейтінін жеткізді.
