Алматылық футбол клубы құжатты қолдан жасады деген күдікке ілікті

Көркем Алдабергенова 20 сәу. 2026 16:51

Қазақстан футбол федерациясы Хан-Тенгри клубын Бірінші лигада бірқатар бұзушылықтар үшін жазалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атап айтқанда, құжаттарды бұрмалау, UEFA «C» жаттықтырушы лицензиясын растау кезінде ынтымақтастықтан бас тарту және қызметтік тексеруге кедергі келтіру деректері анықталған.

Клубқа 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар командаға 14 мамырға дейін қажетті құжаттарды тапсырып, түсініктеме беру үшін соңғы мүмкіндік берілді.

Егер бұл талаптар орындалмаса, «Хан-Тенгриге» ұпай шегеру немесе төменгі дивизионға түсіру қаупі бар. Ал кінәлі тұлғалар футболдан толық шеттетілуі мүмкін.

Клубтың өзі бұл жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove