Шахановтың аманаты орындалмайтын болды

Көркем Алдабергенова 20 сәу. 2026 14:23

Мұхтар Шахановтың жерлеу рәсімі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың қонақасы
20 сәуірде сағат 19:00 «Жұлдыз мейрамханасында» өтеді. 

Қоштасу рәсімі: 21 сәуір сағат 9:00 Абай атындағы Қазақ ұлттық
опера және балет театрында өтеді. 

Жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да «Кеңсай-2» зиратында өтеді. 

Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жазылған хат тараған болатын. Мұхтар Шахановтың тірі кезіндегі соңғы аманаты – өз ата-бабасының мекені Отырарда, Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеу еді.

Шаханов 20 сәуірге қараған түні 84 жасына қараған шағында өмірден өтті


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove