Қазақстанда сотқа жүгінетіндердің саны күрт артты

Қаракөз Амантай 20 сәу. 2026 14:57

Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері азаматтық-құқықтық даулар саны айтарлықтай артты. Ресми деректерге сәйкес, бірінші тоқсанда соттарға 251,4 мың талап-арыз түскен. Бұл былтырғының осы кезеңімен салыстырғанда 42,3%-ға көп, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Protenge телеграм арнасының мәліметінше, барлық арыз бірдей іс жүргізуге қабылдана бермейді. Соның ішінде 164,6 мың талап-арыз ғана сот қарауына алынған.

Өңірлер бойынша ең көп арыз тіркелген қалалар мен аймақтар да белгілі болды. Көш басында – Алматы қаласы (67 360). Одан кейін Шымкент (22 812), Астана (14 411), Түркістан облысы (15 913), Алматы облысы (14 841) және Қарағанды облысы (13 917) тұр.

Дегенмен ресми құқықтық статистикада істердің нақты қандай санаттарға жататыны көрсетілмеген. Яғни азаматтық және экономикалық соттар бойынша бөлініс те, даулардың түрлері бойынша талдау да жоқ.

Мамандар мұндай күрт өсімнің себептерін жан-жақты зерттеу қажет екенін айтады. Өйткені сотқа жүгінушілер санының артуы қоғамдағы құқықтық белсенділіктің күшейгенін де, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық мәселелердің ушығуын да көрсетуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove