Ең көбі Ресейге жіберілген: 2025 жылы Қазақстаннан қанша қаражат аударылды?

Cағыныш Сардарова 20 сәу. 2026 13:48

2025 жылы Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 718,9 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл - трансшекаралық аударымдардың жалпы көлемінің 76 пайызы. Бір аударымның орташа сомасы 426,2 мың теңге болған.

Ең көп қаражат жіберілген елдер:

  • Ресей - 31,3%
  • Өзбекстан - 31,0%
  • Түркия - 17,0%
  • Грузия - 6,0%
  • Қырғызстан - 3,4%

Ал шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарының көлемі - 226,4 млрд теңге. Бұл - жалпы көлемнің 24 пайызы. Бір аударымның орташа мөлшері 377,6 мың теңге болған.

Қазақстанға ең көп ақша жіберген елдер:

  • Ресей - 23,8%
  • АҚШ - 15,2%
  • Өзбекстан - 11,3%
  • Түркия - 10,3%
  • Германия - 7,9%

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove