Қазақстанда ескі көппәтерлі үйлерге бақылау күшейеді

Қаракөз Амантай 20 сәу. 2026 17:21

Қазақстанда жатақхана сияқты пайдаланылып жүрген ескі үйлер қатаң бақылауға алынбақ. Бұл туралы Үкімет мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көп жағдайда мұндай үйлер құжат жүзінде жеке баспана ретінде тіркеледі. Бірақ шын мәнінде бірнеше адамға жалға беріліп, жатақхана ретінде қолданылады. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл тәртіпке де, қала инфрақұрылымына да салмақ түсіреді.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне басқа ведомстволармен бірге “көлеңкелі” жалға берумен айналысатын үй иелеріне шектеу қою жолдарын әзірлеу тапсырылды. Ал өңір әкімдеріне мұндай үйлерді тексеріп, құжаттарын қайта қарау жүктелді.

Еске салайық, 2025 жылы Қазақстанда апатты үйлер саны 7%-ға өсіп, 2,6 мыңға жеткен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove