Доллар арзандады, бірақ тауар бағасы неге түспей тұр? Министрлік түсіндірді

Қаракөз Амантай 20 сәу. 2026 12:57

Қазақстанда теңге нығайса да, дүкендегі баға бірден төмендей қоймайды. Мұның себебін Ұлттық экономика министрлігі қарапайым тілмен түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрліктің Informburo.kz-ке берген мәліметінде теңге әлсіреген кезде сырттан келетін тауарлар бірден қымбаттайтыны айтылған. Ал теңге күшейгенде баға сол жылдамдықпен бірден төмендемейді. Себебі кәсіпкерлер бұрын көтерілген шығындарын лезде азайта алмайды. Оған қоса, олар валюта бағамының қайта құбылып кету қаупін де ескеріп, бағаны сақтап қалады.

"Қазақстанда көптеген тауар шетелден әкелінетіндіктен, олардың бағасы долларға тәуелді. Әсіресе техника, көлік, дәрі-дәрмек, қант, сүт өнімдері сияқты күнделікті тұтынатын заттардың бағасына валюта тікелей әсер етеді", - делінген жауапта. 

Тағы бір маңызды жайт – баға өзгерісі бірден емес, уақыт өте байқалады. Өйткені кәсіпорындар өз шығындарын алдын ала есептеп, валютадағы өзгерістерді бағаға біртіндеп қосады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove