Мұхтар Шахановтың аманаты орындалатын болды

Сағыныш Сардарова 20 сәу. 2026 17:46

Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты орындалатын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл турасында ақынның немересі Қайырхан Балғабеков желідегі парақшасында жазды.

"Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленетін болды", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жазылған хат тараған болатын. Мұхтар Шахановтың көзі тірі кезіндегі соңғы аманаты Отырарда, Арыстан баб кесенесі маңына жерлеу болған.

Әйгілі ақын 20 сәуірге қараған түні 84 жасына қараған шағында өмірден өтті


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove