Бауыржан Артықов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, ол 1991 жылдан 1993 жылға дейін мерзімді әскери қызмет атқарған. Взвод командирінен бастап Десанттық-шабуылдау әскері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарған.
2023 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы болды.
2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
