Бүгін Алматыда Наурыз мерекесінің көркін қыздыра түсетін ерекше шара өтпек. Қалалық Білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылатын "Домбыра үні" атты кең ауқымды акцияда мыңдаған жас өнерпаз бас қосады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
17 наурыз күні сағат 13:00-де "Алматы Аренада" 6–10 сынып оқушыларынан құралған 11 мың домбырашы бір мезетте күй орындайды. Ұлттық рухты асқақтататын бұл көрініс көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлайтыны сөзсіз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба - ел тарихындағы ең ірі музыкалық бастамалардың бірі. Шараның басты мақсаты – ұлттық мұраны дәріптеп қана қоймай, жаңа рекордқа қол жеткізу.
