⁠Елордаға бөлек заң: өкілеттіктер кеңейеді

Самал Асқар 29 сәу. 2026 11:43

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Dala News.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, құжат жаңа Конституцияның 2-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.

«Заң жобасы елордадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін, мәслихат пен әкімдіктің қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларындағы өкілеттіктерін айқындауды көздейді. Сондай-ақ астананың аумағы мен қала маңы аймағын, бірыңғай архитектуралық келбеті мен дизайн-кодын анықтау ұсынылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің регламентіне сәйкес Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті аталған заң жобасын қарауға дайын. Осы заң жобасы бойынша Мәжілістен бірлескен комиссия құрамына Нұртай Сабильянов, Мархабат Жайымбетов, Болатбек Нәжметдинұлы, Нұрсұлтан Байтлесов кандидатураларын ұсынамын. Сонымен қатар қосымша баяндаушы ретінде Нұртай Сабильяновты белгілеу ұсынылады», – деді депутат.

Заң жобасы елорданың даму ерекшеліктерін ескере отырып, оның құқықтық мәртебесін нақтылауға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove