Сонымен қатар, Шымкенттің "Ордабасы" клубы Қазақстан премьер-лигасының екінші турында сырт алаңда "Жеңісті" 2:0 есебімен жеңді.
Астанадағы "Астана Аренада" өткен матчте алаң иелері қарсыласқа есе жіберді.
Алматының "Қайрат" клубы Қазақстан премьер-лигасының 2026 жылғы екінші турында "Ақтөбені" 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кездесудің тағдырын алаңға 64-минутта шыққан Дастан Сәтпаев шешті. Ол қарсылас ойыншыдан допты тартып алып, 76-минутта дәл соққымен есеп ашты.
Бұл жеңістен кейін "Қайрат" 6 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Келесі турда алматылықтар 21 наурызда "Жетісуды" қабылдайды. Ал "Ақтөбе" өз алаңында "Елімаймен" кездеседі.