Қызылордада мүмкіндігі шектеулі баланың анасына лифт жоқ үйден, 5-қабаттан пәтер берілген

Сағыныш Сардарова 18 ақп. 2026 11:24

Қызылорда қаласында мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға бесінші қабаттан, лифт жоқ үйден пәтер берілген, деп хабарлайды Dalanews.kz "31 арнаға" сілтеп.

Әйел "Отбасы банк" арқылы берілген жаңа баспанаға көше алмай отыр. Оның 15 жастағы тірек-қимыл аппараты бұзылған, зағип ұлын бесінші қабатқа күн сайын көтеріп шығуға шамасы жетпейді. Бұған дейін үйде лифт болады деп уәде берілген.

Банк өкілдері бұл жағдайды автоматтандырылған бөлу жүйесіндегі қатеден деп түсіндірген.

Шенеуніктер отбасының қажеттілігін ескеру үшін қазіргі өтінішті жоюға және келесі нысан бөлінгенде қарастыруға уәде берген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove