Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
30 сәуірде Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, 2 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел соғуы мүмкін.
30 сәуірде солтүстік, орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Республика бойынша түнде және таңда тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы былай көтеріледі:
- оңтүстік-батыста +17…+22 градусқа дейін;
- солтүстік-батыста +13…+25 градусқа дейін;
- шығыста +25…+32 градусқа дейін;
- оңтүстік-шығыста +25…+32 градусқа дейін.
Керісінше мына өңірлерде ауа температурасы былай төмендейді:
- батыста +10…+15 градусқа дейін;
- солтүстікте +12…+18 градусқа дейін;
- орталықта +15…+25 градусқа дейін;
- оңтүстікте +18…+23 градусқа дейін.
