Алматыда түнгі отшашудың арты қайғылы жағдайға ұласа жаздады

Сағыныш Сардарова 28 сәу. 2026 13:05

Алматыда түнгі отшашудың арты қайғылы жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде Махатма Ганди атындағы саябақта болған оқиғаның видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше ер адам саябақ ішінде отшашу атып, бұл демалып жүрген адамдарға қауіп төндірген.

Оқиға 27 сәуірде кешкі сағат 21:30 шамасында болған. Желідегі мәліметке сүйенсек, мас күйде болған ер адамдар отшашуды саябақтың дәл ортасында іске қосқан.

Бір сәтте пиротехника салынған қорап аударылып кетіп, отшашу адамдарға қарай шашыраған.

Алматы Полиция департаменті қоғамдық орында пиротехникалық бұйымдарды қолдану дерегі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазір оқиғаға қатысы бар адамдар мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove