Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Германияда ұсталған Қазақстан азаматына қатысты жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, Германия Федеративтік Республикасының құзырлы органдарына ресми сауал жолданған. Қазір қазақстандық тарап жауап күтіп отыр.
Ал Германияның Федералдық прокуратурасы К. Сергей есімді азамат 28 сәуірде Берлинде ұсталғанын хабарлады.
Тергеу нұсқасына сәйкес күдікті 2025 жылы мамырдан бері Ресей барлау қызметімен байланыста болып, түрлі мәліметті жеткізіп отырған болуы мүмкін.
Әңгіме Германияның Украинаға көрсетіп жатқан әскери көмегі, қорғаныс саласындағы кәсіпорындар, дрондар мен роботтехника әзірлейтін компаниялар туралы ақпарат жөнінде болып отыр.