Ақтөбеде "домбыра харам" деп жұрттың ашуына тиген ер адам ұсталды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті тұрғынға қатысты діни араздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Тергеу дерегіне сәйкес күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікір жариялаған. Ол жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Еске салайық, кейінгі кезде мұндай мәселелер жиі көтеріліп жүр. Жуырда депутат Ермұрат Бапи осындай жайттарға қатысты ҚМДБ-ны сынады.
