Ақтөбеге бара жатқан пойызда ер адам қайтыс болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
27 сәуірде Алматы - Ақтөбе бағытындағы №033 жолаушылар пойызында 1966 жылы туған жолаушының жағдайы күрт нашарлаған.
Оқиға кезінде пойыз бастығы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда келген медицина қызметкерлері жолаушы көз жұмғанын анықтаған.
"Жолаушылар тасымалы" компаниясының мәліметінше, барлық вагон медициналық қобдишамен жабдықталған.
Компания марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.