Түркістан облысында полиция ауыл шаруашылығы жануарларын заңсыз шетелге шығаруға бағытталған ауқымды әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шекара бекеттерінің бірінде жүк көліктерінің колоннасы ұсталды. Тергеу мәліметінше, олар жалған құжаттар арқылы шамамен 1000 бас ұсақ малды елден шығармақ болған.
Контрабандамен айналысқандар экспортқа қойылған қолданыстағы шектеулерді айналып өтуді көздеген. Ол үшін жалған құжаттар жасап, алдын ала бағыттарды әзірлеген.
Жедел ақпараттың арқасында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жүкті мемлекеттік шекарадан өткізу әрекеті кезінде қолға түсірді. Оқиға орнында мал тиелген бірнеше ауыр жүк көлігі тоқтатылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу бұл заңсыз арнаны ұйымдастырған тұлғалар шеңберін анықтап жатыр.
