Алматыдағы тұрғын үй кешенінде ер адам қызға шабуыл жасады

Қаракөз Амантай 28 сәу. 2026 11:19

Алматы қаласындағы "Ақкент" шағын ауданында ер адам подъезде тәртіп бұзып, кейін лифт ішінде қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Криминальный Казахстан телеграм арнасы жариялаған кадрларда оның алдымен агрессивті әрекет танытып, лифт шақыру батырмасын соққылағаны көрінеді. Одан кейін қасында тұрған қызға басымен соққы жасаған.

Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Зардап шеккен қыздың жағдайы мен күдіктінің ұсталған-ұсталмағаны туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove