Қазақстанда телефон тіркеу тәртібі өзгереді

Қаракөз Амантай 28 сәу. 2026 14:25

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу жүйесін мемлекеттік компанияға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы тиісті заң жобасы қазір Мәжіліс қарауында, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Nege.kz мәлітметінше, құжат қабылданған жағдайда, IMEI-кодтарды тіркеу бойынша деректерді жинау мен төлем қабылдау қызметі жекеменшік құрылымдардан алынып, толықтай мемлекетке өтеді. Соның ішінде қазіргі оператор – ATS Mediafon KZ компаниясы бұл процеске қатыспайтын болады.

Айта кетейік, 2025 жылы жауапты органдар бұл қызметті жеке секторға беру бюджет тапшылығына байланысты тиімді шешім екенін мәлімдеген еді. Алайда уақыт өте келе бұл жүйе қоғамда қызу сынға ұшырады. Азаматтар мен депутаттар, ең алдымен, жеке деректердің қауіпсіздігіне және қызмет құнының жоғары болуына алаңдаушылық білдірді. Мәселен, былтыр бір құрылғыны тіркеу құны шамамен 3 932 теңгені құраған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove