Қоғамдағы ең резонансты қылмыстық істерді тергеу қашан аяқталады?

Сағыныш Сардарова 30 сәу. 2026 12:17

Қоғамдағы ең резонансты қылмыстық істерді тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық іс аясында сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп, қорытындысы дайын болған.

"Сараптама нәтижесіне сәйкес күдікті заң алдында есі дұрыс адам ретінде жауап береді", - деді Санжар Әділов.

Сонымен қатар, ІІМ өкілі әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бойынша тергеу аяқталуға жақын қалғанын айтты.

Оның сөзінше, іс аясында негізгі сараптамалар аяқталып, тергеу соңғы кезеңге өткен.

"Тергеуді алдағы екі апта ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қорытындысы кейін қосымша жарияланады", - деді Санжар Әділов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove