Атырау облысында «Теңізшевройл» ЖШС қоршаған ортаға зиянды заттар шығару нормаларын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dala News.
Облыстық экология департаментінің мәліметінше, заңбұзушылық тиісті құжаттар негізінде анықталған. Осыған байланысты компанияға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қозғалған.
Іс материалдары Жылыой аудандық сотына жолданған.
Соттың 2026 жылғы 20 сәуірдегі қаулысы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС кінәлі деп танылып, компанияға 53,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
