Маңғыстау облысында құбыр жарылып, көшені су басты

Қаракөз Амантай 28 сәу. 2026 16:06

Маңғыстау облысында құбыр жарылып, салдарынан көшені су басты. Оқиға "Өзенмұнайгаз" компаниясына қарасты учаскеде болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бұл құбыр мұнай қабатындағы қысымды ұстап тұру үшін су айдауға арналған. Ақау салдарынан су сыртқа атқылаған. Абырой болғанда, оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда апат салдары толық жойылып, зақымданған бөлік жөнделген. Жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Өңірлік әкімдік өкілдері жағдай бақылауда екенін айтып, экологияға қауіп жоқ екенін мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove